БАС МҮФТИ- ДІНИ ТЕРМИНДЕРДІ ҚАЗАҚША АЙТУ КЕРЕК
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жастарды діни терминдерді қазақша айтуға шақырды.
”Осы ретте жастарды діни терминдерді қазақша айтуға шақырамын. Өкінішке қарай, кейбір жас буын өкілдерінің ауызашарды – ифтар, сәресін – сухур деп айтып жүргені көңілге қаяу түсіреді. Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған ата-бабаларымыз ауызашар, сәресі деген сөздерді қолданған. Біз де бабалар жолын ұстанған ұрпақ ретінде өзге тілден енген діни терминдерден барынша аулақ болып, өзіміздің ата-бабамыздан қалған жақсы сөздерді қолданып, өзіміздің ана тілімізге құрмет көрсетіп, қазақша сөйлеуге тырысайық”, –деді Наурызбай қажы Тағанұлы.