BASTY BETJAŃALYQTAR

ТАРАЗДА КӨКТАЙҒАҚТАН БІР КҮНДЕ 250-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНГЕН

Тараз қаласында көктайғақ салдарынан бір тәулікте 250-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 100 адамға артық.

Қалалық аурухананың жарақат бөліміне барғандардың дені- көпқабатты үйлердің тұрғындары.

Тайып жарақат алғандардың арасында, балалар да бар.

Облыс орталығында кейінгі кездері ауа-райы күрт құбылып тұр. Күндіз шамалы еріген қар, кешкісін қайтадан қатады.

Сондықтан, жаяу жүргіншілер арасында жазатайым жағдай жиілеген.

– 246 адам түсті, оның ішінде 7 адам травмотология бөліміне жатқызылды. Түскен азаматтардың жастары 30-дан 70 жасқа дейін. Оның ішінде аяқ, қол, қабырғалардың сынуы бойынша қаралып кеткен,-дейді Дилшод Салиев, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы жарақат бөлімінің дәрігері

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *