JAŃALYQTAR

ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ

Бүгін қаламыздағы  жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай  «Ай мен Айша» атты жас қылқалам шеберлерінің облыстық байқауы өз мәресіне жетті. «Анаға тағзым» орталығы ұйымдастырған жарысқа 150-ге жуық жас суретші қатысып, үздік картина иелері марапатталды.

Үздік туындылар байқауының марапаттау рәсімі  ашық аспан астында ұйымдастырылды. Әр түрлі жанр, алуан түрлі бояу. Бірақ тақырып ортақ. Жас суретшілер қиялдарына ерік беріп, қылқалам арқылы әйел-ана образын  айшықтауға тырысты.

Тұрар ӘБУМАНСҰР                  ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ

Байқауға 146 жұмыс келіп түсті. 8 ауданнан және қаладан. Бұл кітп пен сурет өнерін байланыстыру анаға тағзым орталығының директорының бастамасы. Мен 8 оқушымды дайындадым. Олар 4 ай кітапты толық оқып, сосын суретті 1 ай ішінде салып шығарды.

Байқауға қатысуға ниет білдірген жастар, алдымен Шерағаңның ардақты анасына  сөзбен қойған ескерткіші — «Ай мен Айша» романын оқып, соның ішінен әйел-ана образын қылқаламмен бейнелеуі тиіс болатын. Олар тек  сурет салып қана қоймай, көркем сөздің қайнарынан  қанып ішіп, Айша апаның тағдырын таныды.

 Жәнел ЖОЛДАСБЕК                 БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

.Бізге әдебиет пәні мұғалімі осы байқа туралы айтты. Сосын біз Шерхан Мұртазаның романын оқып, сосын оны суретке түсірдік. Расымен де ана тұлғасын таныдық.

Айғаным ЕРКІН                     БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

Байқауға қатысарда әуесі Айша тұлғасын таныдық. Сосын қылқаламмен бейнеледік. Әйтеуір сайысқа жолдаған суретім өз көңілімнен шықты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты – талантты, дарынды жастарға  қолдау көрсету, оларды ынталандыру. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен дипломдар және қаржылай сыйлық табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *