BASTY BETBİLİMJAŃALYQTAR

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ:«ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢА ЛЕППЕН!»

Оқу жылы қайтадан 25-мамырда аяқталады. Ал Білім беру ұйымдарының 90% ішкі істер жедел басқару орталықтарына қосылады. Оқушылар қауіп төнген жағдайда төтенше жағдай туралы хабар беретін батырманы баса алады. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі бүгінгі тамыз конференциясында айтты. Осы және өзге жаңалықтар жайлы Құралай Нұрланқызының материалында.

– Сапалы білім бере отырып адал ұрпақты тәрбиелеп, соның негізінде табысты ұлтты тәрбиелеу. Бұл мемлекет басшысының ұстаздар алдына қойып отырған мүддесі. Енді біз осы тапсырманың ұдесінен шығып жатсақ, ол біз үшін үлкен абырой. Бүгінгі тамыз кеңесінде Голландия мемлекетінен де әріптестеріміз келіп, өздерінің білім саласындағы бақылау мен бағалаудағы тәжірибелерімен бөлісіп отыр,-деді Базарбай Дүйсенбаев, «Дарын» мектеп-лицейі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Биыл республикалық тамыз кеңесі алғаш рет жаңа форматта өтті. Барлық 20 өңір тақырыптық бағыттарға бөлінді. Ал жамбыл облысы «Білім саласындағы бақылау және бағалау» тақырыбын арқау етті. Оқу ағарту министрінің сөзінше, жаңа оқу жылынан бастап педагогика және оқу әдістемесі бойынша тестілеу алынып, мұғалім тек өзі сабақ беретін пәні бойынша ғана тестілеуден өтетін болады. Сондай-ақ…

Министрджің айтуынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 740 мың оқушыға орынға арналған 369 мектеп салу жоспарланған. Бұл орайда облыс әкімі өңірдегі оқушылардың жетістіктерін ерекше атап өтті. Жамбылдық білімгерлер халықаралық «PISA» тесті бойынша математикалық сауаттылықтан үздік деп танылған. Ал биыл оқушылардың білім сапасын тексеруде мынадай өзгешеліктер енбек:

– Халықаралық дәстүрлі жаңағы «PISA» зерттеуі қалады. 6 зерттеуге тұрақты түрде қатысады Қазақстан. Оның ішінде жаңадан қосып отқанымыз 100 мектепке арналған «PISA» бұл бөлек. Әрбір қатысқан мектепке жеке бір отчет беріледі. Бұл отчетпен сіздер мұғалімдеріңіздің, балалардың жетістігін бағалайтын негізгі осы құралдар енетін болады алдағы оқу жылында,-деді Майра Мелдебекова, ҚР ОАМ білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары

Еліміздің білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтары ашылады. Жиын соңында Нұржан Молдиярұлы ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыс тіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *