BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАРАЗҒА КЕЛДІ

ҚР энергетика вице министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Сапар барысында алдымен «Таразэнергоорталық» АҚ және Т.И. Байтуров атындағы Жамбыл ГРЭС АҚ барды. Келесі кезекте жергілікті халықпен кездесіп, бірқатар сауалдарға жауап берді. Толығырақ бейнесюжетте.

Әлібек Жұмабекұлына Таразэнергоорталықтың жылу энергиялық кешеннің жұмысын таныстырды. Тараз қаласы тұрғындарының 80 пайызы осы мекеие тұтынушысы. Оның ішінде 993 көпқабатты,72 жеке тұрғын тұрғын үйлер, 173 бюджеттік мекеме, сондай ақ 1182 басқа нысандар бар.

– Қазір бүкіл Тараз халқына ыстық су, жылу, электрэнергиясын беріп жатырмыз. Өткенде өздеріңіз білесіздер қатты суықтарда құдайға шүкір жақсы өттік. Енді ары қарайда жақсы өтеміз деген ойымызда бар. Барлық кателдарымыз барлығы толық қысқа дайындалған. Барлығы түгелдей жұмысқа дайын, жұмыс істеп тұр,-дейді Жұмабек Бүлекбаев, «таразэнергоорталық» ақ президенті

Ары қарай Энергетика вице-министрі Т.И. Батурин атындағы Жамбыл ГРЭСке » барды. Мемлекеттік аудандық электр станциясының негізгі қызметі электр және жылу энергиясын өндіру, тарату және сату болып табылады. Жобалық қуаты – 1230 МВт. Жауаптылардың айтуынша күрделі жабдықтардың тозуы 30,4% құрайды.

– Қазіргі таңда қысқа дайындығы өте зор. Дайындық паспорттары алынған. Жылу және энергетиканы штаттық режимге беріп тұр. Ешқандай мәселелер қазіргі таңда жоқ,-дейді Әлібек Жамауов, ҚР энергетика вице-министрі

Жамбыл облысында 1737 әлеуметтік маңызды нысандар бар. Сондай ақ 1649 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін тоғыз жылу-энергетикалық кешен мен 593 автономды қазандық жұмыс істейді. Жалпы биыл төрт қалада 6160 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарланған. Мекеме жұмысын көзбен көрген Әлібек Жамауов қоғамдық кездесу өткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *