BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

БАЛАЛАР ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРШАҒА ҚАТЫСТЫ

Жамбылдық балалар облыс әкімінің арнайы қонағы болды. Бүгін «Жаңа жыл кешінің қызықты оқиғасы» атауымен аймақ басшысының жаңа жылдық шыршасы өтті. Дәстүрлік мерекелік кешке өңірдің әр аумағынан келген 100-ден аса бала қатысты.

Мерекелік кеште ән мен биден шашу шашылды. Түрлі кейіпкерлердің қатысуымен қойылымдар қойылып, ойындар ойнатылды. Облыс әкімі мен шаһар басшысы балалармен бірге мерекелік кешті тамашалады. Жаңа жылдық шыршада аймақ басшысы балаларға базарлықтарын ұсынды. 100 және 60 мың теңгенің сертификаттарын табыстады.

– Бүгін бізге президентский жаңа жыл ұйымдастырып берді. Балалардың барлығы өте қуанышты менде қуаныштымын. Сіздерге рақмет айтамын бізге осындай жаңа жыл ұйымдастырып бергендеріңізге. Бізге ойындардар ойнатылып жатыр, билетті бізді және бізге күйлер ойнатып жатыр. Жаңа жыл келек жатқан жаңа жылдарың көңілді өтсін,-дейді Ақнұр Берік, қатысушы

Жалпы жаңа жылдық шыршаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балалары мен ерекше білімді қажет ететін бүлдіршіндер қатысты.

– Бүгінгі шыршаға келген балалар өздері көңілді, ерекше сезімде болып жатқаны сіздер көздеріңіз жетіп отыр. Сондықтан осындай облыс әкімі тарапынан шыршалар жалғасын табады, және әр балаға ерекше назар аударылуда,-дейді Мұхит Нысанбаев, ЖО білім басқармасы басшысының орынбасары

Айта кету керек, күні кеше өңір орталығында Президент шыршасы өткен болатын. Оған 200 ге жуық бала қатысты. Мерекелік кеш алдында балалар “Көне-Тараз” тарихи-мәдени кешенімен танысқан. Әрмен қарай облыстық драма театрға барып, жаңа жылдық қойылым тамашалаған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *