BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAM

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

Елімізде бірнеше жылдан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі белең алып барады. Мәселен өткен жылдың 9 айында 93 әйелдің өліміне тұрмыстық зорлық-зомбылық себеп болған. Осы орайда студенттер мен мамандардыңқатысуымен жиын өтті.

Биыл елімізде жылбасынан бері 18 тұрмыстық кісі өлтіру дерегі тіркелген. Бұл ресми статистика. Ал бейресми ақпарат одан да көп болуы мүмкін. Өйткені мұндай факті көбіне жасырын болып қала береді. Сарапшылардың айтуынша, қауіпсіздік әрі қорғау шаралары төмен екендігіН статистикадан ақ байқауға болады.
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 6 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша 710 әкімшілік іс қозғалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 есеге көп.

Жауаптылар тұрмыстық зорлық-зомбылық статистикасын азайту үшін америкалық әріптестердің тәжірибесіне сүйенгеніміз жөн дейді. Соның бірі , осындай оқиғаның құрбанымен ғана емес, агрессорлармен жұмыс жүргізу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *