ТӘУЕЛСІЗДІК – ТАРИХТЫҢ СЫЙЫ
Тәуелсіздік – тарихтың сыйы. Өз ғұмырын азаттық үшін қиған желтоқсаншыларды халық ұмытпақ емес. Осы орайда Шу ауданда мерекелік жиын өтті.
Ғасырлар бойы халқымыздың арманы 1991 жылдың 16 желтоқсанында бүгінгі буынның тарихи таңдауына айналды. Бұл күн – өз тағдырымызға өзіміз қожалық етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен ұлы күн. Айтулы шу ауданының халқы желтоқсаншылар Тәуелсіздік манументінде басқосты. Батырлар рухына тағзым етіп, шоқтарын қойды. бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
– Қыршын жастардың талай жанын қиғанын көрдік, тоқпаққа алынғанын көрдік. Бірақ біз моймадық. Мен шынын айтуым керек өз басым өрт сөндіретін машинаның тас шашатынын көрдім. Бізге қарай су атқылағанын көрдім. Әрине біз ондайды күткен жоқпыз. Бибіт шеру деп барған жастар осындай үлкен қақтығысқа іліндік. Бірақ соған қарамастан бігінге Тәуелсіздігіміздің негізін салған сол кездегі желтоқсанға қатысқан қыршын жастар деп ойлаймын,-дейді Гүлбарам Қайшыбек, Желтоқсан оқиғасына куагері