BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

«ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА»: АТА-АНАЛАР НЕНІ БІЛУІ ҚАЖЕТ?

Келер жылдың ақпан айынан бастап, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында алғашқы төлемдер жасалады. Деректер базасына ілігуі үшін ата-аналар қазірден бастап балаларының құжатын реттеп, қамданғаны жөн.

2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысынан 50 пайызы елдегі барлық балаға тең бөлінеді. Жеткіншек кәмелет жасына толған кезде жинақталған қаржысын 10 жыл ішінде білім алуға немесе баспана жағдайын жақсартуға қолдана алады. Емдік шараларға жұмсауға рұқсат жоқ. Аталған мерзімде ақшаны жаратпаса, жинақ баланың зейнетақы қорына автоматты түрде аударылады. Ол үшін баланың құжаттарында қате болмауы шарт. Сол себепті мамандар ата-аналарға қазірден бастап осы мәселеге мән беру керектігін айтады.

– БЖЗҚ керек ақпараттың бәрін мемлекеттік оргондарынан алынады. Сондықтан зейнетақыр қорға келіп арнайы құжат тапсырудың қажеті жоқ. Ең бастысы ата-аналарға айтарымыз «еGov» порталынан немесе кейбір банктің қосымшаларынан өздерінің балаларыныңғ иин дерін тексеріп өзінің аттарында тіркеліп тұрма жоқпа сосны тексеріп көру керек. Егер бәрі дұрыс болса онда зейнетақыр қоры автоматты түрде балаларға жеке шоттарын ашады,-дейді Әбдіманат Еспаев, «бжзқ» жоф директоры

Мамандардың айтуынша елімізде 7 млн бала бар. Ал Жамбыл облысында кәмелеттік жасқа толмағандардың саны қазіргі таңда шамамен 463 мыңнан асып жығылады. Бұл статистика өзгерері сөзсіз. Болжам бойынша 2024 жылы дүниеге келген сәбилердің шотында 18 жыл ішінде 3 500 доллар жиналады. Ал бұл сома Ұлттық қордың кірістілігіне байланысты өзгеруі мүмкін. Айта кету керек, егер бала қайтыс болса ата-анасы оның шотындағы қаражатты пайдалана алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *