ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
Жамбыл облысында дарынды да зерек балалардың қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптың 200ден аса оқушысы республикалық олимпиадаларда бақтарын сынап, 109-ы жеңімпаз атанған. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда жүлделер қоры 57-ге артқан.
Биылғы республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 100 үздік мектептердің ресми рейтингінде Жамбыл облысының 7 мектебі бар. Бұл білімге құшатар дарынды оқушылардың жетістігі дейді ұстаздар. Өйткені жеткінщектер түрлі ғылыми жоба байқауларына қатысып жеңімпаз атанып жүр. Айтадық, екі оқушы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің білім гранттарын иеленсе, 20 оқушы өңірлік жоғарғы оқу орындарында тегін оқу мүмкіндіктеріне ие болған.
– Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылында 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсына, «Менің кіші Отаным» байқауының Республикалық кезеңіне, «ProEco» экологиялық жобалар конкурсына, Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми конкурсына 108 оқушы қатысып, 65 оқушы жеңімпаз атанды,-дейді Майра Есенәлиева, «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының басшысы
Білім басқармасының мәліметінше балалар шығармашылық байқаулардан да жүлделі орындармен оралуда. Олар
– 9-11 сынып оқушыларға арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша «Абайтану» олимпиадасы, 8-11 сынып оқушылар арасында «Абай әлемі» шағармашылық байқауы, М.Мақатаев оқулары, «Ілияс Жансүгіров» оқулары, «Мәшһүр- Жүсіп» оқулары, «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық жобалар байқауы, «Абай оқулары» байқауы осы сынды байқаулар,-дейді Майра Есенәлиева, «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының басшысы
Биылғы оқу жылында Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне 10 аудан, 1 қала және облыстық білім басқармасына қарасты 6 мамандандырылған мектептерден 404 оқушы қатысқан. Оның ішінде: 227 оқушы жаратылыстану-математикалық бағытта, 170-сі қоғамдық-гуманитарлық бағытта жобаларын ұсынған. Нәтижесінде 204 оқушы жеңімпаз атанған.