BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Марат Ахметжанов:

Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады;
өңір экономикасының бірқатар саласында оң нәтижелер бар екені туралы мәлімет берді:
негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 530 миллиард теңгеге жеткен;
оның ішінде жеке инвестиция 435 миллиард теңгеден асқан. 154 жоба іске асырылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылған.
шаруаларды қолдау және қайта өңделген өнім үлесін арттыру шаралары тұрақты түрде қабылданып жатқанын айтты:
жыл басынан бері өсімдік майы, өңделген ет, сүт, май, ірімшік және сүзбе сияқты азық-түлік түрлерін өндіру көрсеткіші өскен;
Макинск құс фабрикасының 3-кезеңі іске қосылғанын және «Ақ-Дала Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қуаты кезең-кезеңімен артып келетінін хабарлады. Бұл облыстың құс етін өндіру бойынша елімізде көшбасшы өңірлердің біріне айналуына мүмкіндік берген.

жылыту маусымының барысы туралы баяндады:
барлық коммуналдық қызметтің жұмысы қатаң бақылауға алынған;
Көкшетау және Степногорск қалаларындағы нысандар кезең-кезеңімен жаңғыртылған.

Көкшетау қаласын дамытуға қатысты бас жоспардың жобасы әзірленгені туралы ақпарат берді. Бұл жоба қаланың экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуді көздейді;

халықтың тұрмысын жақсартуға және іргелес миграцияны төмендетуге ықпал ететін Агломерацияны дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспардың жобасын таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын іске асыру, инвестиция тарту, сондай-ақ Ақмола облысының қалаларын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *