BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ШАРУАЛАРҒА ӨТЕМАҚЫ НЕГЕ ТӨЛЕНБЕДІ?

Жамбылда 9 мың гектардан астам егіс алқаптарына егілген өнім жарамсыз болып қалды. Осылай деген облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек құрғақшылық салдарынан зардап шеккен 358 шаруаға 2,7 млрд. теңге мөлшерінде өтемақы өтелді, деп отыр. Ал субсидияға қолы жетпеген азаматтар арнайы талаптарды уақытында орындамаған.

Биыл өңірді құрғақшылық жайлап облыс шаруалары шығынға батқан еді. Келтірілген залалды өтеу үшін Үкіметтің қаулысына сәйкес 3,7 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Ал, арнайы комиссия қураған егіс алқаптарын аралап, ұсынған құжаттар негізінде 358 шаруа қожалығы тізімге енген. Оларға төтенше резервтен 2,7 млрд тенге өтелді. Алайда бөлінген 3,7 млрд. теңгенің 890 млн. теңгесі мемлекеттік бюджетке қайта қайтарылған. Өйткені, кейбір ауыл шаруашылығы тауларын өндірушілердің құжаттары дұрыс болмаса, енді бірі талапқа сәйкес келмеген.

– Жамбыл ауданынан 6 шаруашылық тиісті құжаттарын ұсынды бірақ ол шаруашылықтардың киінінен қосымша зерделеу барысында анықталғандай ол судың тапшылығынан емес басқа да агротехникалық талаптарының дұрыс сақталмауы салдарынан екендігі анықталды. Осыған байланысты ол шаруаларға өтемақы жүргізілмеді,-дейді Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Тізімге енбей, өтемақы алмағандар қатарында қордайлық тоғыз, байзақтық төрт шаруа қожалығы бар. Оларда жерге меншік құқығын растайтын құжаттар жоқ болып шыққан. Ал Арнайы комиссия Меркі мен Т.Рысқұлов ауданының 6 шаруа қожалығына өз ұңғымаларының болуы себебінен, Таластық 1 шаруашылыққа «Қазсушар» РМК-мен келісім шарттың болмауына байланысты өтемақы беруден бас тартқан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *