ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУІ
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 жыл бұрын “Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы” жарлыққа қол қойған еді. Соған сәйкес облыс әкімі жарты жылда бір рет «әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесу» өткізуі тиіс. Бүгін халық үніне құлақ асу принципімен Ербол Қарашөкеев шөлдалалықтармен кездесті, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев әуелі облыстың экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады.
- Құрылыс жұмыстары 239 млрд тенгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 18 пайызға артып отыр. Сауда айналымы, көлік және қоймалау, байланыс басқа да салалар өз өсімін көрсетіп жатыр. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз, – дейді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев
Тұрғындармен кездесуге әкім аппараты құрамының өкілдері мен қала әкімі қатысты. Басшы Бақытжан Орынбеков қала көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарын жіпке тізді. Әрі ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқанын баса айтты сөзінде.
- Ауыл шаруашылығы саласында өсім 100,3 пайыз, өнеркәсіп өнімінің көлемі 100 пайызды құраған. Жыл қорытындысымен өнеркәсіп көлемін 100,5 пайызға, ауыл шаруашылығы саласында өсімді 100,6 пайызға, инвестиция көлемін 105 пайызға, құрылыс жұмыстарын 104,6 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемін 108 пайызға, бөлшек сауданы 103 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз,- дейді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков
Жиын соңында Ербол Шырақбайұлы тұрғындарды жеке қабылдады. Артынша әрбір тұрғынның өтініш-тілегін жауапты мамандарға жүктеп, тапсырма басшының қатаң бақылауында болатынын жеткізді.