«ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ 16 КҮНІ»
Тұрмыстық зорлық-зомбылық соңғы кезде қоғамдағы күрледі мәселенің біріне айналып отыр. Мәселен, Жамбыл облысында биыл 11 айда әйелдерге қатысты 1300 ден аса қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Мамандардың айтуынша бұл қылыстардың басым көпшілігі аудандарда орын алған.
Жыл сайын 25 қарашада «гендерлік зорлық зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» атты халықаралық науқан басталады. Акцияны 1991-жылы бірінші жаһандық әйелдер көшбасшылығы институтының белсенділері құрған. Науқан аясында «Әйел бейнесі- қоғам бейнесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
– Жалпы бүгінде біздің қоғамда орын алып жатқан түрлі келеңсіз жағдайлар оның ішінде әйелдерге қатысты зорлық зомбылық. Әйелдерден кейінгі мынау балаларға қатысты түрлы зорлық зомбылық фактілері көбейіп келе жатқаны байқалады. Бұрын бұл мәселе ашық түрде айтылмаған мен бүгінгі күнде түрлі қозғалыстар, түрлы ұйымдар, жекелеген адамдардың тарапынан осы мәселе ашықайтыла бастады. сондықтанда бүгінгі жиынның да мақсаты осы оны ашық айтып қандай мәселе бар оны шешудің жан жақты жолдарын қарастыру,-дейді Маржан Рақай, облыстық «Aq Jol» газетінің жауапты хатшысы
Мамандар сөзінше соңғы 11 айда өңірде 1335 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. 20 дерек әйелдерге қатысты. Бірақ, бұл дерек өткен жылмен салыстарғанда төмен екен. Нақтырақ айтсақ 2022 жылы 1573 болған. Ал қылмыстардың басым көбі аудандандарда тіркеліпті.
– Талдау нәтижелеріне сәйкес әйелдерге қатысты қылмыстың басым көпшілігі аудандарда, ауылдық жерлерде орын алғандығын көрсетті. Бұл әсіресе Қордай, Шу, Меркі ауыдандарында жиі тіркелуде. Тіркелген барлық деректер бойынша тұрмыстық қатынастар саласында қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында полиция қызметкерлерімен қызметтік тексерістер жұргізіліп тұрады,-дейді Гүлсара Мұхтарқұлова, ЖО ПД баспасөз хатшысы
Айта кету керек «гендерлік зорлық зомбылыққа қарсы белсенділік науқаны 16 шы желтоқсанға дейін жалғасын таппақ.