«SMART» ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КОНЦЕРТІ
Тараз қаласында Баласағұн концерт залында «Смарт»өнер мектебінің есеп беру концерті өтті. Талантты жасдомбыршылар күмбірлете күй шертіп шараның шымылдығын түрді. Кешті жанды дауыста шырқалған әндердің ерекше ете түсті.
Смарт өнер мектебі 2020 жылы өз жұмысын бастаған. 4 пен 17 жас аралығында балалар мен жасөспірімдер эстрадалық вокал, домбыра, хореография, актерлік шеберлік, фортопиано секілді сабақтардан білім алады. Гүлжан Қажиеваның айтуынша қазіргі жастар өте өнерлі, ал мектеп оқушылары түрлі байқауларда өз бақтарын сынап жүр.
Мерекеге ұласқан жиында талантты жастар ән айтып, сахналық қойылым көрсетті. Мектеп түлектерінің айтуынша есеп беру концертіне жақсы даындық болған.
Қазіргі уақытта мұнда 200ден аса бала білім алады. Оларға 12 ұстаз сабақ береді. –нер ордасына өзінің немерелерін алып келген Балқия Қайназарова өнер мектебіне өз ризашылығын білдірді.
Айта кету керек, ашылғанына аз уақыт болса да «Смарт» өнер мектебінің оқушылары талай жарыста топ жарып үлгерген.