BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ CAMECO КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІН ҚАБЫЛДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары канадалық Cameco трансұлттық компаниясының президенті Тим Гитцельмен кездесуден басталды, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында уран өндіру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Мемлекет басшысы Cameco корпорациясы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының сенімді серіктесі екенін атап өтті. Компания Қазақстанға 500 миллион доллардан астам инвестиция құйып, технология трансферіне үлес қосқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетиканы дамытудың жаңа кезеңіне өткенін және алдағы уақытта үш атом электр станциясын салу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар Қазақстан атом саласында қолданылатын инновациялық тәсілдерге қызығушылық білдіріп отыр.

Өз кезегінде Тим Гитцель Мемлекет басшысына «Инкай» бірлескен кәсіпорнының қазіргі жұмысы мен даму жоспарлары туралы баяндады. Аталған кәсіпорын Түркістан облысындағы кен орнын ширек ғасырдан бері игеріп келеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *