BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ ТӨРАҒАСЫ АЙБЕК ДӘДЕБАЙДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайды қабылдады. Кездесуде Құрылтайдың заң шығару қызметі мен «Әділет» партиясының жұмысы талқыланды, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі.

Айбек Дәдебайдың мәліметінше, депутаттар 18 заң қабылдап, тағы 38 заң жобасын қарастырып жатыр. Сонымен қатар 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет аясында өңірлердегі 52 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға қосымша 47 миллиард теңге бөлінген. Құрылтайдың қоғамдық қабылдауы мен e-Otinish жүйесіне азаматтардан түскен өтініштер негізінде әлеуметтік-экономикалық мәселелер де назарға алынған.

Кездесу барысында  «Әділет» партиясының жұмысы да баяндалды. Партияның қоғамдық қабылдауына 14 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 8,3 мыңнан астамы оң шешімін тапқан. Партиялық бақылау барысында 300-ге жуық әлеуметтік инфрақұрылым нысаны тексеріліп, анықталған кемшіліктердің 80 пайызға жуығы жойылған. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 12 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілген. Партия Үкіметпен бірлесіп, 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі 303 іс-шарадан тұратын жол картасын әзірлеген.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *