ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛОРДАДА ЕСЕП БЕРДІ
Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев елорда да орталық коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдері алдында есеп берді. Сан салада атқарылған жұмыстарды жіпке тізген аймақ басшысы, өңір үшін өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамыту басты міндет болып қала береді деді. Сондай-ақ облысқа шетелден иннвестиция тарту жұмыстарына басымдық берілетіндігін жеткізді.
Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған жұмыстарға жанжақты тоқталды. Мәселен өңірде инвестиция тарту көлемін жыл соңына дейін 572 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарда. Яғни жобалар іске асса 5,5 мың адам тұрақта жұмыспен қамтылады. Биылда бұл бағыттағы бастамалар оң нәтижесін берген.
– Бүгінге облыстың инвестициялық портфелі 2,3 трлн теңгеге 69 жобаны қамтиды. Бұл жобаларды 2026 жылға дейін іске асыру жоспарлануда, оларды іске асыру қосымша 5,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 575 жұмыс орнын құруды көздеп отырған 87 млрд теңгеге 20 жоба іске асырылуда,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
Брифинг барысында аймақ басшысы республикалық және облыстық БАҚ өкілдерінің сұрақтарына да жауап берді. Дәрігерлер тапшылығы, қоқыс полигондары, жарықтандыру, қоғамдық көлік пен су мәселелері көтерілді. Аймақ басшысы осы уақыт аралығында 11 аумақтық округті аралап, барлық мәселелермен жіті таныс екендігін жеткізді.
– Мен негізі қаланы күн сайын аралап жүрген кезде қала тұрғындары осы мәселені ең өзекті деп көтереді себебі бірнеше маршруттарымызда бірнеше автобустар жетіспей тұр,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
Сондай-ақ облыс әкімі өңірде дәрігерлер тапшылығы бар екендігінде баса айтты. Бұл мәселені шешу үшін республикалық және жергілікті бюджет есебінен 98 студент резидентура бағдарламасымен оқып жатқандығын жеткізді. Сөз соңында мемлекет басшысының тапсырмалары аясында барлық жұмыстың нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты жақсаруы керек деді.