«АРАЙСТРОЙМАРКЕТ» КОМПАНИЯСЫНА – 20 ЖЫЛ
Арайстрой маркет компаниясына 20 жыл. Осы уақвт аралығында серіктестік көптеген әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне мұрындық болды. Мерейтойлық мерекелік кешке зиялы қауым өкілдерімен қатар Інжу балабақша-мектебінің өнерлі бүлдіршіндері мен ата аналары қатысты.
Алпауыт компания ұзақ жылдар бойы түрлі әлеуметтік нысандар мен жол төсеу жұмыстарымен айналысып келеді. Бұдан бөлек серіктестік құрылысқа қажетті бірқатар материалдарды да өндіреді. 20 жыл бұрын құрылған компания басшысы 10 жыл бұрын Тараз каласында мемлекеттік-жеке әріптестік аясында білім беру кешені – «Інжу» балабакша-мектебінде ашқан еді. «Балапан» багдарламасы арқылы бірінші болып бой көтерген білім ордасы да бүгінде ата-аналардың алғысына бөленген. Осылай деген Інжу мектеп-гимназиясының директоры білім беру мекемесі түлектерінің жетістіктерін ерекше атап өтті.
– Біздің оқущыларымыз қазіргі таңда жыл сайын НИШ КТЛ ға түсіп жатыр. Білім спасы жақсы деген сөз біздің түлектеріміз көбісі шетелге кеткен,-дейді Жанна Мәдімарова, «інжу» мектеп-гимназиясының директоры
Салтанатты кеште қонақтар “Арайстроймаркет” ЖШС-нің директоры, облыстық маслихат депутаты Арман Еділбаевтың қайырымдылық жұмыстарына да белсенді ат салысатынын ерекше атап өтті. Мерекелік жиында «Аманат» партиясының басшысы Ерлан Қошановтың “Құрмет грамотасы мен” марапатталды.
– Арман Захарұлы өзінің құрылыс саласында кәсібімен бірге бала тәрбиелеуде қазақстанның білімді ұрпағын тәрбиелеуде үлес қосып жүргені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз,-дейді Мейірхан Өмірбек, Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы
Айта кету керек компания 2013 жылы республика боцынша ең алғаш рет біздің облыста алюминий радиаторларын шығаратын жобасын іске асырған. Кәсіпорын басшылығы жыл сайын жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы бұрынғы жұмыс орындарын сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашылуда. Қазір серіктестікте 1500-ден аса адам жұмыс істейді. Олар жыл он екі ай тұрақты жұмыспен қамтылған.