Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз!
BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге екі ел арасындағы сауда айналымын жеңілдетуге және көлік-логистика саласын цифрландыруға арналған бірқатар жоба таныстырылды, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында ұсынылған жобалар тауар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етуге, жүк тасымалын цифрлық форматқа көшіруге және автокөлік тасымалының қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.

Форум барысында президенттерге тауардың шығу тегін растауға және оның қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық таңбалау жүйесі таныстырылды. Сонымен қатар жүк тасымалына қатысушыларға арналған Smart Cargo бірыңғай цифрлық платформасы мен көлік қозғалысын жасанды интеллект арқылы үздіксіз саралайтын AI Jol жобасының мүмкіндіктері көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук сыртқы сауданы дамыту және көлік-логистика инфрақұрылымын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Сондай-ақ мемлекет басшыларына теміржол, автомобиль және әуе қатынасын дамытуға бағытталған бірлескен бастамалар таныстырылды. Бұдан бөлек, екі ел шекарасындағы көлік өткізу бекеттерін қатар жаңғырту жоспары жөнінде ақпарат берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *