«АДАЛ ЕҢБЕК.АДАЛ ТАБЫС» ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бүгін Таразда жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуы рәсімі өтті. «Адал еңбек. Адал табыс» тақырыбын арқау еткен іс-шараға келушілер қатары қалың болды. Өйткені, ғылыми эксперименттер, кәсіптік бағдар беру шеберлік сабақтары мен түрлі тақырыпты қамтыған көрме қонақтар назарына ұсынылды.
Шахристан этно-мәдени орталығының ұйымдастырылған іс-шара жастарды кәсіптік бағдарлау, жұмысшы мамандықтарын кеңінен насихаттау, бизнес пен білім беру ұйымдары арасында әріптестікті нығайтуға бағытталған. Ашылу салтанатына әртүрлі экономика салаларынан ірі кәсіпорын өкілдері, колледж басшылары да қатысты. Мұнда кәсіптік білім беру мен еңбек нарығын байланыстырған 11 тақырыптық көрме мен 10 интерактивті алаң ұйымдастырылған. Көрмені тамашалаған облыс әкімі жұмысшы мамандықтарға жасалатын ілкімді істерді баяндады.
Бүгінгі жиында өңірдегіБүгінгі жиында өңірдегі «Қазфосфат», «Жамбылгипс», «Имстальком», «Энерджи Тараз» секілді өндірістің өзегі саналатын кәсіпорындар қатысып отыр. Бұл кәсіпорындар – Жамбыл облысының экономикасының тірегіОлар жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосуда. Сонымен қатар, биыл 37 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 1300-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады. Жұмыс орындарының 91,0 пайызы жұмысшы мамандықтарына тиесілі,-деді жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев
Іс-шара барысында ғылыми эксперименттер, мастер-класстар, кәсіптік бағдар беру шеберлік сабақтары, келіссөздер алаңы, 30-дан астам ірі кәсіпорынның бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мектеп оқушыларына ерекше назар аударылды. 500-ден астам оқушы кәсіби диагностикадан өтіп, олардың дағдылары, қызығушылықтары мен қабілеттері анықталды. Қатысушылар колледждердегі оқу бағдарламаларымен танысып, кәсіптік білім берудің заманауи мүмкіндіктерін көрді.
Бүгінгі көрмеге жұмысшы мамандығы болғанан кейін өз мамандығымды дәріптеу мақсатында келіп отырмын. Бүгін бізде көрмеде витеринарияның оператцияның алдын алу, дайындық, узи, жәнеде аваскоп және сүттің қоюлығын анықтайтын аппараттарды алып келіп отырмыз,-деді тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенті Едіге Өсерұлы.
Айта кетейік, салтанатты жиында 8 меморандумға қол қойылды. Жауаптылардың сөзінше, бұл құжаттар колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы әріптестікті нығайтуға, түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ кадрларды даярлау ісін жандандыруға бағытталған.