BASTY BETBILİKJAŃALYQTAR

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮКІМЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ДМИТРИЙ ЧЕРНЫШЕНКОМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесу өткізді, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі, primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында цифрландыру, инновация, спорт, туризм және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин арасындағы сенімді диалог пен тұрақты байланыстардың арқасында экономикалық және мәдени-гуманитарлық серіктестік дамып келе жатқанын атап өтті. Қатынас стратегиялық серіктестік пен одақтастық бағытында ілгерілеп отыр.

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымы $12 млрд-қа жетті. Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес бұл көрсеткішті $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Сапар аясында Дмитрий Чернышенко бірқатар нысандарға баруды жоспарлап отыр. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, сондай-ақ ММУ мен ММХҚИ-дың қазақстандық филиалдарының қызметімен танысады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *