BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЛАҢКЕСТІККЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ БАСТАЛДЫ

Жамбыл облысында Қазақстан-Үндістан бірлескен «KAZIND-2023» лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы басталды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Гвардиялық гарнизонында салтанатты ашылу рәсімі өтті. оған Үндістан мен Қазақстан қарулы күштерінің әскери қызметшілері қатысты.

Екіжақты ынтымақтастық жоспарын жүзеге асыру аясында өтіп жатқан «KAZIND-2023» бірлескен тактикалық оқу-жаттығуы биыл бесінші рет өткізіліп жатыр. 2018 жылы алғаш рет бастау алған бастама жыл өткен сайн тіл табысу және тактикалық жаттығуларда түсінісу оңайға түсуде. Осылай деген «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Бауыржан Күреңкеев алғшқы жылы қазақстандық мотоатқыштар батальоны Үндістанға бірлескен миссияны орындауға аттанып келесі оқу-жаттығу орны «Мәтібұлақ» полигонында болғанын айтты. Сондай ақ биылғы жылы оқу-жаттығуға жаңа қатысушылардың келуіне байланысты жаттығу форматы біршама өзгерген. Осылайша, биылғы жылы бірлескен оқу-жаттығуға Үндістан қарулы күштерінен Әскери-әуе күштерінің жеке құрамы, ал қазақстандық контингентке Әуе-шабуылдаушы күштерінің бөлімшесі қосылған.

«KAZIND-2023» лаңкестікке қарсы бірлескен оқу-жаттығуы аясында Қазақстан мен Үндістанның әскери қызметшілері стандартты емес жағдайларда лаңкестікке қарсы операцияларды, қалалық және ауылдық жерлерде ұрыс қимылдарын жүргізу элементтерін машықтанатын болады. Оқу-жаттығу екі аптаға созылады, оның соңғы кезеңінде Қазақстан-Үндістан құрама батальоны жауынгерлерінің нәтижелерін көрсетеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *