BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ӨМІРЛІК ТАБЫСТЫҢ НЕГІЗІ»

Қазіргі қоғамда мамандықтың түрі көп. Бірақ заман талабына сай, өңірге қажетті салаға бару үшін таңдау жастарға қиын түсері анық. Осы орайда 125 education мектебінде «Мамандық таңдау-өмірлік табыстың негізі» атты коучинг өтті.

Коучинг “Ағиланың түсі” сахналық қойылымымен ашылды. Білім алушылар ұстаз, мұнайшы, банк қызметкері,өрт сөндіруші, полиция қызметкері, спортшы және әуе жолсерігі рөлін сомдап, әр мамандықтың қыры мен сырын аша білді. Оқушыларға арналған бағыт бағдар беру жиынына ата-аналарда арнайы шақыртылған.

– Бүгінгі таңда 11 сынып білім алушылардың алдында өте үлкен таңдау тұр. Мен қандай мамандықты таңдаймын? Мен болашақта қандай кәсіп иесі боламын? Осы таңдауда оқушыларға көп бағыт бағдар, қолдау көрсету мақсатында коучинг сабағын өтіп жатырмыз. Сабағымыздың негізгі мақсаты мамандық таңдаудың дұрыс бағыт бағдар беру және әдемде біз білмитін қандай мамандықтар бар? Өте қызықты мамандықтар мен таныстыру және оқушылардың болашақ мамандық таңдауына өте үлкен қолдау беру ұстаздар тарапынан,-дейді Ақсауле Кәрімбекова, «125 education» орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Кездесу барысында ата-аналар мен оқуышалар топтарға бөлініп, мамандық түрлерін тауып ой сергітті. Атап айтсақ “Ең тәтті мамандықтар”,” Ең қауіпті мамандықтар”, “Ең жасыл мамандықтар,” Ең таза мамандықтар” тізбесін жасап, өз ойларын ортаға салды.

– Бүгінгі таңдағы өткізіліп жатқан коучинг өте жоғары деңгейде өтуде. Жалпы ата-ана ретінде өткізіп жатқан ұстаздарға және бүгінгі коучингтің жетекшісіне шығармашылық табыстар тілеймін, және де болашақта осы оқу ордасының білім алушылары жоғары дәреже де ҰБТ жақсылап тапсырып. Өздері қалаған оқу орындары мамандары болуға, түлектері болуға шын жүректен тілектеспін,-дейді Азат Миятұлы , ата-ана

Шара соңы мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарына жілі лебіздерін білдіріп, аталмыш шарада бой көрсетіп қатысқандары үшін “Алғыс хат” табыстады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *