BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ТАЛАСТА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Асарлатып үй салу ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр. Бүгінде Талас ауданы, Қаратау қаласында тағы бір көп Балалы отбасы баспаналы болды.Игі бастамаға жомарт жандар қол ұщын созған.

Қаратау қаласының тұрғыны Жанар Бекбосынова үшін бұл қуанышты күн. Өйткені, бұрын 2 бөлмелі апатты үйде тұрған. Ал бүгін жаңа үйде қоныс тойын тойлады. Салтанатты шараға жергілікті билік өкілдері қатысып, игі іске ат салысқан азаматтарды «Алғыс хатпен» марапаттады. Аудан әкімі үйлі болған азаматтарды құттықтады.

– Осы үй осы шаңырақ жақсылыққа толы болсын. Енді үлкен рахмет айтам осы үйдің салуына ат салысқан азаматтырға. Ары қарай да бұл игі іс жалғасады жәнеде осы халқымызға айтарым осылай асарлатқан кезде бәріміз бір кісідей бірігіп жұмыс жасасақ талай үйлерді беруге мүмкіншілігіміз бар,-дейді Нұрбол Жүнісбеков, Талас ауданының әкімі

Айта кетсек, «Асарластып үй салу» жобасы облыста 3 жыл бұрын басталған еді. Игі бастаманың аясында осы үйдің құрылысына 4 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Бауырының қуанышына ортақтасқан Қарашаш Бекбосынова қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғысын айтты.

– Жаңа үйге кірді соның жақсы куәсі болып жатырмыз. Енді Жанар көп балалы ана, соған демеушілік жасаған қаратау қалалық әкімдігіне және осы үй салу жобасына асарлатып көмектескен барлық адамдарғы рахметімді айтамын,-дейді Қарашан Бекбосынова, Ж.Бекбосынованың әпкесі

Жауаптылардың айтуынша бұл берілген соңғы баспана емес. осындай сауапты іс ауданда әрмен қарайда жалғасады дейді. Биыл жалпы ауданбойында 9 үйдің құрылысы жоспарланған. Оның 5еуі аяқталса, қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *