ТӘТТІ ТҮБІРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Меркі қант зауыты 17 қазаннан бастап іске қосылады. Қазір өңірдің барлық аудандарынан тәтті түбірлер жеткізіліп жатыр. 2 қазаннан бастап диқандардың қабылдау жұмысын бастаған зауыт бүгінгі күнге дейін 25 мың тонна қант қызылшасын алып үлгерген.
Меркі қант зауыты 550 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың орташа айлығы 140 мың теңгені құрайды. Ағымдағы жылы зауыт лабороториясына Беларусиядан жаңа қондырғылар алынған.
– Былтыр екі машина жұмыс істеген болса, биылғы жылы қазіргі таңда 3 іске қосылып тұр. Тағы бір машина украйнадан келуде. Яғни 4 машина қызмет атқаратын болады. Негізінен бұл қант қызылшасын тасымалдайтын компаниялардың күтіп қалу уақытын азайту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар-дейді Жорабек Баубеков ,Меркі ауданының әкімі
Биылғы жылы Меркі ауданы бойынша 48 мың тоннаға жуық өнім қабылдау көзделген. Әр ауданнан тәтті түбірді әкелініп, өнімнің көптігіне байланысты жұмысты жылдамдату мақсатында Украинадан да құны 295 мың доллар тұратын қондырғы алдырған.
– Биыл біз лабараторияға Беларусиядан жаңа оборудование алғызып оны орнатып қойды. Процесс автомотизировный болды. Тағыда украйинадан бір машина алдық оны қазір құрастырып жатырмыз, екі үш күннен кейін поляға қоямыз,-дейді Нұржан Қарғабаев, Меркі қант зауытының директоры