BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«ҚАУІПСІЗ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ» АКЦИЯСЫ

Республикалық көлемде бастау алған «қауіпсіз инфрақұрылым» акциясы Жамбыл өңірінде де іске асып жатыр. Шараның негізгі мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ал бүгін «аманат» партиясының облыстық филиалының өкілдері қоғам белсенділерімен бірге қаладағы ашық жатқан люктерге зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс жұмыстары арай алқабынан басталды. Себебі мұнда әр адым жерде, әр көшеде 3-4 су құбыры шұңқырлары орналасқан. Алайда ешқайсысының бетінде шойын қақпағын жоқ. Ал тұрғындар балаларымыз жазатайым түсіп кетпесе екен деп уайымдап, өздері бетонмен, резеңке дөңгелекпен жауып амалдап отыр.

Акция барысында люктердің күйін, олардың беріктігіне тексеру жүргізіліп, инфрақұрылымды жақсарту және ықтимал қауіптердің алдын алу үшін тиісті ескертулер жасалды. енді анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар тиісті органдарға жолданатын болады.

– Бұл жұмыстар тоқсан сайын жалғасатын болады. Сонымен қатар мектептегі балалардың тамақтануы, мектептегі өрт қауіпсіздігі, балалардың мектептен үйге дейінгі қатынауы сынды жағдаятттармен де зерделеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Бұл қазақстанның барлық 20 аймағында жүзеге асырылады,-дейді Ерғали Әбуғали, «жастар рухы» партиясының төрағасы

Айта кетейік, аталған шара Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Болатқызы мен «Жастар рухы» жастар қанаты белсенділерімен бірлесе ұйымдастырылып отыр. Акцияға атсалысқан азаматтар ата-аналарды балалар қауіпсіздігіне қатысты алаңдататып отырған барлық мәселелер назарға алынады дейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *