AGROBASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЖҮГЕРІ ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Жамбыл облысында жүгері жинау науқаны басталды. Қордай ауданында да егіс алқаптарына ораққа түсіп жатыр. Биыл судың тапшылығына қарамастан диқандар 22 мың гектар астам жерге дән сепкен. Шаруалар болса ауа-райы қолайлы болып тұрғанда егіннің бір түйір дәнін шашау шығармай жинап алсақ деп отыр.

Қазір Қасық ауылдық округінде «Бай-Нұр» шаруа қожалығының техникаларымен қызу жұмыс басталған. Шетелдік техника «Джон Дир» өз міндетін мүлтіксіз атқаруда дейді мамандар. Шаруалар өткен жылға қарағанда биыл мол өнім алуға ниетті. Шаруа қожалық ерте көктемде 200 гектар алқапқа дәндік жүгері сепкен. Енді әр гектарынан 45 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Астық қоймасына жиналған өнімді қожалықтың 3000 бас ірі-қарасын бордақылауға пайдаланбақ.

Айта кету керек, аграрлы аудан саналатын Қордайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 600 мың гектардан асып жығылады. Оның 140 мыңға жуығы егіс алқаптары. Биыл онда күздік бидайдан бөлек жаздық арпа, дәндік жүгері мен майлы дақылдар егілген. Айта кету керек қазіргі таңда масақты дақылдардың 65 мың гектардан астамы толығымен орылып, диқандар 60 тн астықты бастырған. Жалпы, аудан бойынша масақты дақылдардың орташа өнімділігі 9,3 центнерден айналып отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *