JAŃALYQTAR

СҮТ ӨНІМІНЕ СҰРАНЫС МОЛ

Қорада төрт-түлік толып тұрғанымен  Қазақстан сүт  өнімдеріне әлі де Ресейге тәуелді. Бұл мәселені  Президент отбасылық шағын кәсіпкерлікті қолдау арқылы шешу қажеттігін ескерді. Алысқа бармай, ауладағы малын бағып, аз ғана көлеммен кәсіп бастап, осы олқылықтың орнын толтырып отырғандардың бірі – Шу ауданының тұрғыны Сайра Тілеумаханова.

Шулық кәсіпкер Сайра Тілеумаханова сүт өнімдерін өңдеу және өңдіру саласында қолдағы барын қажетіне жаратып, отбасылық кәсібін дөңгелетіп отыр. Ол 2016 жылы «Бастау-бизнес» оқыту курсы арқылы бизнестің қыр-сырына қанығып,  2019 жылы 5 млн теңге қаржылай грантпен кәсібін бастап кеткен.

Сайра ТІЛЕУМАХАНОВА    КӘСІПКЕР

 Мысалы, 70 пайыз сүт өзімізден болса, қалған 30 пайызы ауыл-аймақтардан. /Бөтелке, этикетка және басқа ыдыстарды Алматы облысында жасатамыз

Кәсіпорынның күніне 200 литр сүтті өңдеуге мүмкіндігі жетеді. Сонымен қатар, шағын сеператор арқылы сүттен айран, қаймақ, құрт өнімдерін шығарып, аудандық дүкендер мен орталық базарға және Мойынқұм ауданына да жіберіп отыр. Ал, ендігі мақсат, сүт өндірісін 1000 литрге жеткізу, дейді олар.

Ержан АХМЕТОВ   ЖҰМЫСШЫ

Үйде өзім мал ұстаймын. Менікі Алатаудың породасы.  Таңертең 20 литр, кешке 15 литр сапалы сүт береді. Сондай-ақ породалы қара-ала сиыр бар. Ол да мол сүт береді. Жалпы, қара-ала сиырды 1 млн қаражатқа алғанмын. Ал, Алатау сиыры кем дегенде 750 мың теңге тұрады.

Айта кетейік, заманауи қондырғылармен қамтылған кәсіпорында күніне 5 адам нәпақасын тауып жүр. Талай уақыттан бері талмай жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкер енді, көштен қалмай, заманауи технологияларды алуды көздеп жүр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *