BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

Конституция күні елімізде кең көлемде аталып өтті. Таразда да қала тұрғындары үшін Тұңғыш Президент саябағында «Айбары асқақ ата заң» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Осыдан 28 жыл бұрын, 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Ата заң мемлекеттік егемендігіміздің билік пен қоғам құрылымын нығайтып қана қоймай, еліміздің одан әрі дамуының бағытын айқындап берді- дейді шаhар басшысы

– Бүгінгі таңда барлық салаларда айтарлықтай жеңіске жетіп отырмыз. Сол жетістіктерге Тараздықтардың да қосып отқан үлесі өте зор. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып бүкіл Тараздықтарда сіздердің еңбектеріңіз үшін өз ризашылығымды білдіргім келеді. Құрметті жерлестер ата заңымыз конституция күні мерекесі құтты болсын. Әр отбасында бақ береке болсын. Еліміздің болашағы жарық болсын,-дейді Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі

Мерекеде шаһар басшысы қаланың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа «құрмет грамотасы», «алғыс хат» табыстады.

Мерекелік іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Қала халқына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған кеште облыстық филармонияның әншілері мен жас таланттар өнер көрсетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *