BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMTARAZ 24 ONLINE kz

АҚЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

«Ақындай сезімтал, Әлемде жан бар ма?». Таразда«Жазушымен бір күн» жобасы аясында Әулиеата өңірінде дүниеге келген ақын-жазушылармен кездесу өтті. Облыстан шыққан танымал шығармашыл жастардың туындыларын өнеге ету, өмір жолдарын келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау басқосудың басты мақсаты, деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.

Әдебиет әлемінде өзіне тән жол салған ақындардың шығармашылығымен, поэзияға жаны құмар студентер кітапхана оқырмандарымен бірге танысты.  Мәдени шарада ақындардың төл туындылары оқылып, еркін  форматта әдемі әңгіме өрбіді.

 – Өте танымал ақынымыз «Aq jol» газетінің редакторы Нұржан Қадірәлі мырза отыр. Қазіргі таңда ол кісінің өледерін сүіп оқитын оқырмандары өте көп әрі жатқа біледі. Өлеңдері көп оқылады және біз секілді жас ақындардың жүрек жарды туындылары  бүгінгі ақындардың кездесуінде оқылады деген ойдамыз-, дейді жас ақын Анель АЙДАРӘЛИЕВА.

Кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған ақындардың қатарында белгілі журналист, облыстық «Aq jol» жастар газетінің  тілшілері  Қамар Қарасаева, Нұржан Әліш, Арайлы Жақсылықболды. Сонымен қатар Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Нұржан Қадірәлі мен ақын Ардақ Үсейінова да кездесуге келді.

  • Жастар мен аға буыннның кездесуі, тәжірибе жүзінде үлкен маңызға ие. Берері де көп. Осы сынды іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таба береді деген ойдамыз. Жалпы біздің өңірден Күләш Ахметова секілді, Қайырбек Асанов сияқты, Пернебай Дүйсебин сынды көзі тірі, мүйізі қарағайдай ақын-жазушы аға-апаларымызбен де осындай кездесулер жалғасын тапса, олардың ізін қуған жастар әдебиеттің болашағы үшін қызмет ете берет деген ойдамын-, дейді ҚР жазушылар одағының мүшесі Нұржан Қадірәлі.

 

Кездесуде бүгінгі қазақ әдебиеті жайлы орамды ой, түйіні терең философиялық әңгіме айтылып, ақындарымыздың ізінен ерген ізбасар іні-қарындастары өз шығармалары мен арнауларын тарту етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *