BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ ТАРАЗДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаған министр тұрғындардың көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Министрдің айтуынша 10 айында Жамбыл облысында 12 мыңнан астам тұрғын тегін заңгерлік көмек алған. Әрі құқықтық кеңес беретін қызметкерлер саны да артқан. Тиісінше аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, азаптау құрбандары, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлердің де тегін заңгерлік кеңес алуына мүмкіндік туып отыр.

– Жамбыл облысында 15 мемлекеттік, 93 жеке сот орындаушысы бар. Бүгінгі күні олар 479 мың өндіріс ісін орындады. Сондай-ақ 228 мың жұмыс орындалды,-дейді Азамат Есқараев, ҚР әділет министрі

Министрдің баяндамасынан кейін жамбылдықтар құжаттарды цифрландыру, алимент төлеу секілді мәселелер бойынша кеңестер алды.

Жиын соңында Азамат Несіпбайұлы тиісті салалық басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді. Азаматтарды қабылдау кезінде көтерілген қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынатындығын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *