АЙША БИБІ АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Айша бибі ауылында дене шынықтыру сауықтыру кешені ашылды. Жамбыл ауданы бойынша жалпы 174 спорт нысан болса оның жалғасы ретінде бүгінгі ашылған Заманауи үлгідегі спорттық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген спорт кешені ел игілігіне қызмет ететін болады.
150 ден аса адамға арналған Кешенде ауыл тұрғындары спорттың 10 жуық түрімен шұғылдана алады. Айта кетейік спорт насанының құрылысына республикалық бюджеттен 338 млнға жуық қаражат қарастырылып құрылысты Бақыт таңы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген . Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.
– Бұл спорт кешені жергілікті тұрғындардың игілігіне қызмет етіп болашақ әлем чемпиондарымен жүлдегерлердің шығатынына мен өз басым сенімім мол. Спорттық бірнеше түрімен айналысуға мүмкіндік беретін кешен стандартты үлгіде жабдықталған. Қазіргі таңда облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын 489 мыңнан астам адамға немесе облыс тұрғындарының 40 пайызына жетті,- дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі.