BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Қордай ауданында мемлекеттік және жекеменшік 19 білім ошағы бар. Күні кеше ғана жекеменшік білім беру нысандарының қатары тағы толықты. Аухатты ауылында жекеменшік мектеп ашылды.

Мектептің құрылтайшысы «ISIMJAN-1» ЖШС. Жауаптылардың айтуынша, мектепке Қордай ауданының Құрметті азаматы Нұрғали Балдақбайұлы Смағұловтың есімі берілген. Ол Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында 35 жыл қызмет еткен . Айта кетсек екі қабатты ғимаратта және 350 орындығы мен қатар 14 оқу кабинеті, акт және спорт залы, асхана, кітапхана, медициналық кабинет бар. Сонымен қатар оқу кабинеттері барлық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылға дейін 800 мектеп салуға тапсырма бергені баршаңызға белгілі. Биылдың өзінде Бәйтерек ауылында 150 орындық мектеп құрылысы басталса, жайлы мектеп жобасы аясында 2 мектептің іргесі қаланып, бір жекеменшік мектеп ашылды. Сонымен қатар осы жайлы мектеп жобасы бойынша келер жылы Қордай ауылында тағы 1 мектеп бой көтеретін болады,-дейді Бекзат Болатбеков, Қордай ауданының әкімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *