ЕЛДЕ БИЫЛ 8 АЙДА 10 МЛН ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРІЛДІ
Мемлекет басшысының тапсырмаларын және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында елімізде 8 ай ішінде шамамен 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық және 15,3 млн шаршы метрді құрайтын жылдық жоспардың 65%-ы.
Жалпы республика бойынша 86 616 тұрғын үй салынды, оның 22 368-і – жеке тұрғын үй.
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция есепті кезеңде 1,7 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 1,5%-ға жоғары.
Жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі барлық өңірлерде өсті.
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде барлық қаржыландыру көздері есебінен 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.