МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚУАНЫШ
Мереке күні байзақтықтар қос қуанышқа бөленді. Қостөбе ауылдық округіне қарасты Талас ауылында шағын футбол алаңы ашылып, пайдалануға берілді. Ал Диқан ауылында «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша тұрмысы төмен отбасыға арналған баспана кілті тапсырылды.
Спорт алаңшасының салатанатты түрде лентасы қиылып, таластықтар аудан басшыларына алғыстарын жаудырды. Сондай-ақ ауыл халқы алдағы уақытта еліміздің намысын қорғайтын Азия, әлем, Олимпиада чемпиондары шығатындығына сеніміміз мол дейді.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуға үлкен мән беруде. Сол себепті берілген тапсырмасына сәйкес, ауылдардағы спорт нысандарының инфрақұрылымын дамытуға үлкен мән беруде. Облыс бойынша 2025 жылға дейін дамы жоспары бекітілген. Соның бір көрінісі осы спорт алаңшасы,-дейді Дулат Жақыпбеков, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары