BASTY BETJAŃALYQTARЗаңҚылмыс

КӨЛІК ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Таразда көлік ұрлаған күдікті ұсталды. Ер адам “Toyota Land Cruiser Prado” маркалы автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1,5 миллион теңгені жымқырған. Көлік Жуалы ауданындағы шаруа қожалықтың ауласыннан қолды болған.

Жедел іздестіру шаралары барысында көлік Тараз қаласынан табылған. 34 жастағы күдікті ақшаны алып, көлікті мөлтек аудандардың бірінің ауласына қалдырып кеткен. Ал қаражатты жеке басының қажеттілігі үшін жаратып үлгеріпті. Ол қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *