BASTY BETJAŃALYQTARАймақ

ӨҢІР БАСШЫСЫ ТАЛАСҚА БАРДЫ

Талас ауданында алдағы айда 100 отбасы баспаналы болмақ. Сондай-ақ, 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің жаңғырту жұмыстары да аяқталуға жақын. Ауданда тағы қандай толымды тірліктер атқарылып жатыр? Алдағы сюжеттен көріңіз.

Талас ауданына жұмыс сапарымен барған Нұржан Нұржігітов Қаратау қаласы №13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, 3 мөлтек ауданындағы №5 және №6 жатақханаларды аралады. Жалпы, 100 пәтерді құрайтын екі жатақхана қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

– Қазіргі таңда Қаратау қаласында 1536 адам үй кезегінде тұр. Сол кісілерге арендалық тұрғыда кезек ретінде береміз. Бізде 1536 адамды қамту мақсатында облыстық бюжедттен әр үйге 318 млн ақша бөлінген. Қазіргі таңда мердігер анықталып құрылыс жұмыстарын бастап кеткен,-дейді Абзал Әбдуғалиұлы, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы

Сонымен қатар, аймақ басшысы Талас ауданы Қаратау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Халық көшелерді жөндеу, спорт кешенін салу мен сапасыз жүргізілген ауыз су жүйелері реттелсе деген тілегін жеткізді. Одан өзге, жедел жәрдем көлігінің ескіргені де елді алаңдатып отыр.

– Талас ауданы бойынша қазір 44 көшеге 70 шақырымнан астам асфальт төселіп жатыр. Ауыл аманаты бағдарламасына Биыл 53 ауылдық округке біз осы несиені береміз 2,5 пайызбен 5 жылға,-дейді Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі

Кездесуден кейін аймақ басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Жергілікті билікке көмек сұрап қайрылған азаматтардың өтініші бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *