DENSAÝLYQJAŃALYQTAR

КҮЗДЕ ҚАЛАЙ АУЫРМАУҒА БОЛАДЫ?

Кей аурулар күзде асқынып кетеді. Оның себебін дәрігерлер көбіне жаздан кейінгі ағзаның әлсіреуі немесе дәрумендер жетіспеушілігінен пайда болған өзгерістермен байланыстырады. Салқын түссе Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жыл сайын медициналық көмекке шамамен 30-35 мың жуық азамат қайрылады екен.

Эпидемиялық маусымда 20 мыңнан астам адам жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырады. 100-ден астамына тұмау тисе, оның 70 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балалар. Жалпы бұл кезеңде назалогиялық ішек аурулары ең бірінші орынға тұрақтайды. Екінші вирустық инфекциялар. Үштікке пневмония мен тамшылы инфекциялар кіреді-дейді ақ халаттылар.

– Жұқпалы аурулармен күресу өте маңызды мәселе. Әсіресе күзгі кезеңде. Уақытылы емдеу көптеген асқынулардың алдын алуға көмектеседі! Иммунитетті сақтау, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Өзіңізді нашар сезінсеңіз, медициналық көмекке жүгініңіз. Аурудың алдын алудың ең сенімді жолы – екпе алу,-дейді Еркінтай Сауранбаев, ЖО инфекциялық аурухананың бас дәрігері

Дәрігерлердің айтуынша, инфекциялық аурулардың алдын алуда ең тиімді -екпе. Дер кезінде қажетті шараларды қабылдау, дерттің бетін қайтарады дейді мамандар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *