JAŃALYQTAR

ҚАҢТАРДА  САЙЛАУ ӨТЕДІ

 

2023 жылдың 14 қаңтары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау күні. Бұл президенттің 26 – қарашадағы жарлығымен қабылданған. Осы орайда ЖО сайлау комиссиясының қатысуымен саяси науқанға дайындық мәселелері талқыланды.

Жиында өткен сайлаудағы мәселелер қаузалды. Бірнеше тәртіп бұзушылықтың да орын алғаны атап айтылды. Нақтысы, өткен науқанда ақпараттандыру жұмысы төмен дәрежеде болған. Шаһар тұрғындары үміткерлердің бірін білсе, бірін мүлдем танымады.  Дегенмен, сайлау Учаскелеріндегі қызметтердің жақсы атқарылғаны да мәлім болды.

Серғали АЙДАПКЕЛОВ ЖО АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Көрнектілік ақпараттары аз болғанымен, цифрлық ақпараттандыру жағдайы өте керемет дәрежеде өтті. Мысалы: Каспи, Народный банктардың жұмысы жақсы болды. Сообщениелер келіп отырды,  Халық қай учаскеге барып дауыс берерінен хабардар болды. Тіпті сайлаудың уақытылы өткені деосы қызметкердің арқасы деп білеміз.

Алда аталған мәлелелердің орын алмасы үшін ескертулер талқыланып, қатаң талаптар қойылды. Азаматтардың сайлауға қатысу мүмкіндігін арттыру басты назарда. Себебі бір адам болса да өз таңдауын жасауы керек. Есепте жоқ адамдар сайлау мүмкіндігінен шеттетілгендігін де негізге алды.

Әбілқайыр БОРАНБАЕВ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

Әрбір комитет жеке ұсынылып, сайланатын болады. Осыған орай алдымызда сайлау окургтерін құру, орталықтарын белгілеу, окургтық сайлау комиссияларын жасақта, дайындау міндеттері бар.

Айта кетсек, сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу 24 -желтоқсанда, 18.00 де аяқталмақ. Ал, үгіт насихат жұмыстары  осы күннен 13 қаңтарға дейін 20 күн бойы жүргізілмек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *