BASTY BETJAŃALYQTARQOǴAMTARAZ 24 ONLINE kzЕл

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРУ «МІССИС ЕУРОПА» АТАНДЫ

Қазақстандық Светлана Петрова «Mrs Europe» халықаралық байқауында топ жарды, – деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының тұрғыны Қазақстан атынан «Mrs Europe-2026» байқауына қатысып, жеңімпаз атанған. Сайыс Эстония астанасы Таллинде өткен.

Байқауда Еуропа елдерімен қатар, жалпы 15 мемлекеттен келген қатысушылар бақ сынаған. Петрова жеңісі туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Бүгін біз тарихтың жаңа бетін жаздық. Қазақстан алғаш рет Mrs Europe титулын жеңіп алды. Бұл тәжді еліме алғаш болып әкелу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл жеңіс – Қазақстан үшін, – деп жазды Светлана Петрова.

Эстониялық Gloss басылымының мәліметінше, қазақстандық аруға бұдан бөлек «Mrs. Europe Friendship 2026» арнайы атағы да берілген.

Бұл Қазақстан тарихындағы «Mrs Europe» байқауындағы алғашқы жеңіс екенін айта кетейік.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *