ҚАМҚОР АНА – ҚОЛҒАНАТ БАЛА
Жамбыл облысында 1238 ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар болса, оның 129-ы патронаттық тәрбиеде. Қамқоршылар күніне орай балаларды өз құшағына алған мейірімді жандарға арналған «Қамқор ана – қолғанат бала» тақырыбында айтыстан жарыс өтті.
Елде тастанды балалардың саны күн санап артып келеді. Алайда дүниеге келген әр бала жеке тұлға ретінде дамуы үшін отбасында қамқорлық сезініп өсуі қажет. Бірі сыңғырлаған дауыс иесі болса, енді бірі биде жүйрік. Ал бұл шарада балақайлар өзара айтысып, жүзден жүйрік атанды. Шараның мақсаты да осы: қамқор ана мен бала арасындағы байланысты нығайту.
Раушан ҚОЖАМЖАРОВА ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
сіздердің жүректеріңіз кең, пейілдеріңіз ашық, алақандарыңыз ыстық. Сіздер өз балалаларыңызбен бірге Қазақстанның өзге балаларын да қанаттарыңыздың астына алдыңызддар. Осылайша еліміздің болашағын дамытуға, өрбітуге үлкен көпмектеріңізді тигізіп жатырсыздар//
Баласының аламанда өнер көрсетіп, жүрекжарды жырына тәнті болған аналардың саны көп. Паторнат ананың бірі – Гүлсара Бахтаева. 5 бөбекті кең құшағына басқан қамқоршы ыстық лебізін арнады.
Гүлсара БАХТАЕВА ТӘРБИЕШІ
қатысушыларға сәттілік тілеймін, қалалық білім басқармасына қамқоршы күні қарсаңында мейрам өткізіп, балаларды қолдағанына алғыс айтамын. Үйде отырған балалар бір сергіп, қоғам алдында өз өнерлерін паш етуге бір жақсы мүмкіндік берілді//
Аламанда өнер көрсеткен балалардың жүзінен бақыт, сахна сыртында тақымын қысқан аналардың көзінен риясыз қуаныш байқалады.