JAŃALYQTAR

БОЛАШАҚ АГРОНОМДАР БАЙҚАУЫ

Меркі ауданында ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша  студенттердің біліктілігін арттыру мақсатында  «AgroSkills» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Еліміздің дамуының негізгі тетігі – аграрлық сала болғандықтан кәсіби құзыреттiлiктердi дамыту мен жоғары кәсіби білікті мамандардың беделін жоғарылату бүгінгі күні басты талабы.

Байқауға Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан келген студенттер қатысты.

Бақытхан ӘБЖАПБАРОВ МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ең қажетті саламызды қамтамасыз ететін осы сала. Яғни аграгрлық. Ауылшаруашылығы бұл драйвер. Қазақ елінің өркеендеуі ауылшаруашылығы саласына байлангысты.

Республикалық байқауға түскен студенттер 5 модуль  бойынша сынға түсті. Оқудағы алған білімдерін тәжірибе жүзінде сынаған студенттер өздерінің біліктілік деңгейлерін көрсетті.  Байқау қорытындысы бойынша,  І орынды  № 9 Меркі колледжінің студенті Зейнула Мухамед жеңіп алды.

Мұхаммед ЗЕЙНУЛЛА БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ

Байқауда 8 облыстан студенттер келді. 5 модуль өтті. Мен бірінші орны алдым. Себепші болған ағайларыма рақмет.

Додаға қатысқан барлық қатысушылар байқау кубогымен.  дипломмен, бағалы сыйлықтармен мараптталды. Сонымен қатар, ақшалай сертификат та табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *