JAŃALYQTAR

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгінде шаһарда 4000 мыңнан аса тұрғын жұмыссыз ретінде тіркелген екен.  Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында бүгін қалалық мәдениет үйінде бос  жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Тараз қаласындағы 4285 азаматта «жұмыссыз» деген мәртебе бар. Дегенмен, олардың 1344-і мемлекет тарапынан субсидияланған жұмыс орнында, нақтысы, уақытша іс атқарып, тәжірибе жинақтап жүр.

Нұрлан ҚАБЫЛҚҰЛОВ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ» ДИРЕТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Бүгінгі іс-шараға қала көлеміндегі 29 жұмыс берушіден 156 бос жұмыс орындары ұсынылып отыр. Бұл үлкен іс-шарамызда жұмыссыз азаматтар өз орнын табады деген үміттеміз./2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында да толық қайырылған азаматтарға да  түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.///

Бүгінгі өткен жәрмеңкеге 200-ден астам жұмыс іздеуші азамат қатысып, 81-і жолдама алды.  Сонымен қатар,  12 тұрғын жұмыспен қамту орталығының белсенді іс-шарасына тартылды.

Алпамыс МОЛДАБАЙ  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Кеше жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелдім. Солай бүгін осы мәдениет үйіне шақырды. Мен негізі «Электрик» мамандығын бітіргем. Ал, бүгін «ЭлекСтрой» компаниясы мені қабылдады.

Жәрмеңкенің нәтижесінде мамандығы сұранысқа сай келген тұрғындар қажетті құжаттарын әзірлеуге кірісті. Ал, жұмыс табылмаған кейбір азаматтар біліктілік курстарына жолдама алды. Сондай-ақ, бизнеске бет бұрамын деушілерге мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алу жолы егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *