JAŃALYQTAR

АУЫЛДА АМБУЛАТОРИЯ, БАЛАЛАРҒА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов кезекті жұмыс сапарымен Талас ауданына барды.Аймақтың ахуалымен танысты.  Үшарал ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның лентасын қиды,  Ақкөл ауылындағы спорт кешенінің ашылуына арнайы қатысты.

Облыс бойынша 23 ауылда жаңа типтегі амбулатория салынуда. 9 елді мекеннің емханасы заманауи үлгіде қайта жаңартылма0. Жыл соңына дейін 20-ға жуық медициналық нысан пайдалануға беріледі. Соның бірі Үшарлдықтардың қуанышын арттырған жаңа нысан.

Рахымжан АЙТУОВ       ҮШАРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКУРГІНІҢ ӘКІМІ

Енді Ақкөл балалары бос уақытында зерікпейді. Ауылда үлкен спорт кешені  ашылды. Мұнда балаларға ғана емес ересек тұрғындар үшін де футзал, күрес, үстел теннисі, дзюдо және басқа да спорт түрлерімен айналысуға болады. Жалпы облыста дәл осындай 11 спорт нысанының құрылыс жүргізуде. Жасөспірімдердің спортпен қамтылу деңгейі Жамбылда 70 пайызды құрап отыр.

Жұмыс сапары барысында әкім бірнеше нысандарға да барды. Жергілікті тұрғын Бақыт Бәйімбетов жаз бойы егінмен айналысады. Алқабында қарбыз, картоп, қауын өсіп тұр. тамшылатып суарылған. Өнімдер Тараз, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан сияқты қалаларға жеткізіледі.Мұнан соң  Нұржан Нұржігітов Қаратау қаласындағы балалар өнер мектебінде аудан активімен кездесіп, қала әкімінің есебін тыңдады.

Дархан БАЙМБЕТОВ ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қалада 44 қоқыс алаңы бар. 78 контейнер жаңартылды. Биыл 13 кәсіпкер кәсібін кеңейтіп, жылыжай салу үшін жер алды. Қаратауға қатынайтын 4,1 шақырым жол жөнделді. Қала көшелері кезең-кезеңімен жарықтандырылуда. Шағын футбол алаңдарын салуға, Street Workout-қа көп көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, біз 109 бірыңғай диспетчерлік орталықты енгізуді жоспарлап отырмыз. 

Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер айтылды. Мәселен, 8-ші көпқабатты тұрғын үйде осы күнге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, бірқатар көшелерде жарық жоқ, балабақшалар саны аз, сондай-ақ қоқыс қалдықтары полигонға емес, тасталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *