СӘЛЕМ-САУҚАТТАН ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТ ТАБЫЛДЫ
Тараздағы ҚАЖ Департаментіне қарасты №59мекемесінде ағымдағы жылдың 17-қаңтар күні мекемедегі жазасын өтеушілерге келген сәлем-сауқатты жедел ақпаратқа сәйкес тексеру барысында, сотталған М.Г. А-ға Тараз қаласының тұрғыны азаматша Д-ның алып келген сәлем-сауқатының ішінен қайнатылған еттің арасынан қулықпен жасырылған қара селофанмен оралған заттар анықталды. Аталған факт мекеменің ақпаратты есепке алу журналына тіркеліп, Жамбыл облысы ПД 1-ПБ жедел тергеу тобы шақыртылды. Анықталған затты ашу барысында өсімдік тәріздес, қою жасыл түсті, спецификалық иісі бар заттар тәркіленді, тағайындалған сот-химиялық сараптамасының қорытындысы бойынша 6,81 грамм гашиш екені дәлелденді. Ұсталған азаматша жедел тергеу тобына табысталып, ҚР ҚК 297бабының 1тармағы бойынша іс қозғалды.