«ӘКІМ АУЫСЫП КЕТПЕЙДІ МЕ?»
Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтың халықпен бетпе-бет жүздесуі жалғасуда. Бұл жолы әкім кезекті 20-шы кездесуін Жуалы жұртымен өткізді. Басқосуда Батыр Бауыржанның жерлестері әкімге қандай мәселелерін айтты?
Әкім әуеліБилікөл ауылдық округінің орталығы, Қарабастау ауылындағы мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиналған жұрт Амалбек Тшановтан кейін 25 жыл дегенде тұрғындармен тілдесуге келген басшыға ризашылығын білдіріп, қордаланып қалған мәселелерін айтты.
Лесбек ТҮГЕЛБАЙҰЛЫ ҚАРАБАСТАУ АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Газды күткелі 20 жылдан асып кетті. Себебі біздің ауылдың тұсынан бұқараның газы өтіп жатыр. Ал енді біз сол жақсылықты көре алмай отырмыз // …Сол әңгімені сіздің ауыздан естісінші халық. Сонда көңілге бірдеңе ұялай ма,- деп отырмын. Дұрыс қой, иә?
Біріншісі ауылға газ тарту, кейінгісі Билікөл көлінің су деңгейін сақтау, су каналын күрделі жөндеуден өткізу және жайылымға қатысты мәселелер болды.Нұржігітов «Жайылым жерлер билікке қайтарылуда, жуырда тұрғындардың аз-маз малына жер телімдері беріледі. Билікөл суы деңгейінің төмендеп кетпеуі басты назарымызда»-деп жауап берді.Ал, көп күткен көгілдір отын келер жылы берілмек.
Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Биыл бөлінген қаражат көлемі 8,2 млрд. теңге. Жыл сайын осы қаржы бөлініп отырар болса 2025 жылға дейін түгел облысты газбен қамтамасыз етеміз. Жоспарымыз келесі жылы Билікөлде құбырды жүргізу. Бірақ айтып отырмын ғой, біз құжатты өткіземіз, министрлік қаржыны бөлуі тиіс. Біз осыған жұмыс істейміз.
Әкім сөзі ақиқатқа айналар болса,2025 жылға дейін облыстағы халық саны 200-ден асатын барлық ауылға газ қосылады.
Келесі кездесу Нұрлыкент ауылдық оркругінде өтті. Жылы лебізбен басталған жиында тұрғындар спорт алаңшасын салу, округтегі Түктібай елді мекеніне таза ауыз су тарту жайын қаузады. 4000 тұрғыны бар ауылдағы мектеп апатты жағдайда екен. Сөз соңында тіпті тірлік біткенше «сіз ауысып кетпейсіз бе», – деген күдіктерін де жасырмады. Өйткені, мектеп мәселесі бірнеше әкімге айтылған.
Ардагер жақсы сұрақ қойды, «әкім ауысып кетпей ме» деп. Осы менің де қойғылы жатқан сқрағыма жауап берген бірнеше әкім ауысып кетті. Қанша жыл болды, мектеп артындағы ойын алаңшасы әлі соғылмады…///
Жалғас МҰРТАЗА ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Бұл кісінің көтеріп отырған мәселесі футбол алаңшасы, баскетбол орталығы.Ауылдық округ тарапынан 37,5 млн теңгеге сметасы әзірленген.бірақ мен өткенге тұрғындармен кездескенде де айтқанмын, биыл бюджетте ондай ақша жоқ, келесі жылы қарастырып береміз.
Кездесулерден соң облыс әкімі жергілікті азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.Әкім қабылдауына 80 тұрғын келді. Бірақ, оның сегізі ғана өз өтінішімен басшы алдында баяндады. Қалғаны
БЛИЦ:
Белгілі бір сұрақпен келдіңіз бе? Әлде жай жүздесу үшін бе? Жоқ, жәй әкімді көрейік деп келдік.
Мен қояйын деп едім, тез бітіп қалды. Мост жайлы сұрайын деген едім. Басқа қалаларда үлкен мост бар, ал бізде ауданда мүлде жоқ. Біздің облыста Құлан, Меркі, Қордай ауданында орталыққа кіріп-шығатын мост бар, ал бізде жоқ.
Мен қойдым, қанағаттандым жауабына. Мектеп еді мақсатымыз. Соны соғып бересіз бе деп сұрады, ауысып кетпейсіз бе деген де сұрақ қойдық қой. Енді шешіп беремін деді ғой. Жауабына риза болып тұрмын. Көреміз енді, риза болып тұрмын, сенім мол.