ҚАРАТАУДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛЕДІ Қаратау қаласына кірген сәтте көзге 9 қабатты қос тұрғын үй түседі. Дегенмен, көпқабатты үйдің бүгінде өңі қашқан, ал шатырында ақаулық болғандықтан тұрғындары тастап көшуге мәжбүр. Сыйқы кеткен үйдің ендігі жайы не болмақ? Толығырақ тілші тарқатады. КТМ: Ғимарат кезінде шағын шаһардың көркі саналған-ды. Ал, бүгінде ескірген шатырдан су ағып, тұрғындардың мазасын алуда. Түсқағаз шақ келмейтін жоғарғы қабаттағы 12 пәтер енді, адам өмір сүруіне қолайсыз болғандықтан қаңырап бос қалған. СНХ: Елена ГЕГЕЛЬ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 01430///00:32/00:47/// Шатыр тезірек жабылмаса болмайды. Өйткені, жоғарғы қабаттарды тұрғындар тастап кетуде. Мен көшіп кеткендерді түсінемін.Себебі, өмір сүруге қолайсыз, қысы-жазы төбесінен су ағады./// КТМ: Б.Момышұлы көшесіндегі көппәтерлі үйдің тұрғындарымен кездескен аудан әкімі, мәселе жақын арада шешімін табады, деді. Ал, жөндеу жұмыстарының жүргізілмей келгеніне өзіндік себеп те болыпты. СНХ: Дархан БАЙМБЕТОВ ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ 01431///00:17/ 00:41///Бірақ бұл екі үй де жекеменшік болғаннан кейін аудандық және облыстық бюджеттен қаражат бөлуге мүмкіндік болмады. Дегенмен, Қаратаудағы «Сeis- Нұр» ЖШС компаниясының демеушілігімен осы екі үйдің шатыры жабылатын болады./// КТМ: Белгілі болғандай жөндеуді мердігер «Сeis- Нұр» компаниясы №12 және 14 үйлердің шатырын жабуды өз қолына алыпты. Енді, әр үйдің құрылыс жұмысына 13 млн. теңге қаражат жұмсалмақ. Алдағы уақытта үй қалпына келтіріп, кезекте тұрған азаматтарға берілмек.
Қаратау қаласына кірген сәтте көзге 9 қабатты қос тұрғын үй түседі. Дегенмен, көпқабатты үйдің бүгінде өңі қашқан, ал шатырында ақаулық болғандықтан тұрғындары тастап көшуге мәжбүр. Сыйқы кеткен үйдің ендігі жайы не болмақ? Толығырақ тілші тарқатады.
Ғимарат кезінде шағын шаһардың көркі саналған-ды. Ал, бүгінде ескірген шатырдан су ағып, тұрғындардың мазасын алуда. Түсқағаз шақ келмейтін жоғарғы қабаттағы 12 пәтер енді, адам өмір сүруіне қолайсыз болғандықтан қаңырап бос қалған.
Елена ГЕГЕЛЬ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Шатыр тезірек жабылмаса болмайды. Өйткені, жоғарғы қабаттарды тұрғындар тастап кетуде. Мен көшіп кеткендерді түсінемін.Себебі, өмір сүруге қолайсыз, қысы-жазы төбесінен су ағады.
Б.Момышұлы көшесіндегі көппәтерлі үйдің тұрғындарымен кездескен аудан әкімі, мәселе жақын арада шешімін табады, деді. Ал, жөндеу жұмыстарының жүргізілмей келгеніне өзіндік себеп те болыпты.
Дархан БАЙМБЕТОВ ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бірақ бұл екі үй де жекеменшік болғаннан кейін аудандық және облыстық бюджеттен қаражат бөлуге мүмкіндік болмады. Дегенмен, Қаратаудағы «Сeis- Нұр» ЖШС компаниясының демеушілігімен осы екі үйдің шатыры жабылатын болады.
Белгілі болғандай жөндеуді мердігер «Сeis- Нұр» компаниясы №12 және 14 үйлердің шатырын жабуды өз қолына алыпты. Енді, әр үйдің құрылыс жұмысына 13 млн. теңге қаражат жұмсалмақ. Алдағы уақытта үй қалпына келтіріп, кезекте тұрған азаматтарға берілмек.