ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КӘСІБИ МЕРЕКЕДЕ МАРАПАТҚА КЕНЕЛДІ
Қазақстанда тамыз айының әрбір екінші жексенбісі құрылысшылар күнін атап өтеді. Тұңғыш Президенттің Жарлығымен кәсіби мереке сонау 1998 жылдан бері ресми мәртебеге ие. Айтулы күнге орай аймақта осы салада еңбек етіп жүрген маман иелері құрмет төрінен табылды.
Тәуелсіздік жылдардан бастап елімізде бұл сала қарқынды дамып келеді. Өткен жылдың өзінде құрылыс саласында 232 жоба жүзеге асырылып, 156 нысан ел игілігіне берілді. Жол саласында да қыруар жұмыстар атқарылды. Биыл бұл бағытқа 16,2 млрд теңге бөлінді. Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары атқарылған жұмыстарды тілге тиек ете келе, кәсіби мамандарды төл мерекелерімен құттықтады.
Еркін ҮЙСІМБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мұнан соң салтанатты түрде осысалада еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Зор ықыласқа бөленгендердің басым бөлігі құрылыста қарапайым қара еңбектен бастап, сатылы жетістікке жеткендер. Солардың бірі бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің Құрмет грамотасын ие болды.
Болат ҚАЛИЕВ «АКГЕМ-СТРОЙ» ЖШС МАМАНЫ
Салтанатты жиын соңында құрметті қонақтар естелікке суретке түсті.