«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ІРІ ҚАЛАЛАРЫНДА ӨТЕДІ
30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі, облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.
Жалпыреспубликалық акция Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласында төменде көрсетілген мекенжайларда сағат 17:00-де өтеді:
Тараз қаласы – «MART» сауда, ойын-сауық орталығы, Төле би даңғылы, 27;
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы – Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Байзақ батыр, 313 д;
Жамбыл ауданы, Аса ауылы – Аудандық жастар ресурстық орталығы, Абай көшесі, 22;
Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы – Аудандық мәдениет үйі, Жамбыл көшесі, 14;
Талас ауданы, Қаратау қаласы – Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Ә. Молдағұлова көшесі, 49/1;
Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы – Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Жібек жолы көшесі, 1 а;
Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы – Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Жібек жолы көшесі, 26 а;
Меркі ауданы, Меркі ауылы – Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Сарымолдаев көшесі, 158 а;
Шу ауданы, Төле би ауылы – Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Т. Әубәкірова көшесі, 30;
Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы – Аудандық «Қазпошта» ғимаратының алаңы, Амангелді көшесі, 149;
Қордай ауданы, Қордай ауылы – Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, «Батыс» ықшам ауданы, 25.
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.